Қазақстандағы автокөліктердің нөмірлері өзгеріске ұшырайтындығы туралы бұрынырық айтылған еді. Осы орайда ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Берік Бейсенқұлов бұл өзгеріс тамыз айынан бастап жүзеге аса бастайтындығын айтты.
Осы мәселеге қатысты өткен бүгінгі баспасөз мәслихатында осы өзгерістер туралы ашылып айтылды. Бұдан былай автокөлік нөмірлерінде міндетті түрде Қазақстанның туы мен еліміздің белгісі орын алатын болады. Сонымен қатар, аймақтар бұрынғыдай әріппен емес, санмен белгіленетін болады. Мәселен Астана қаласы - 01, Алматы қаласы - 02... Ары қарай алфавиттік кезекпен әр аймақ сәйкес цифрға ие болмақ (03, 04).
Төраға сонымен қатар, бұрынғы үлгідегі нөмірмен жүрген жүргізушілерге көлік нөмірін ауыстыру міндеттелмейтіндігін, бұл процесс сатылы түрде жүретіндігін айтты.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: auto.lafa.kz