- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Қоғамдық палата...
Қазақстанда Қоғамдық палата құрылады
Мәжіліс жанынан қоғамдық палата құрылады. Бұл туралы спикер Ерлан Қошанов мәлімдеді, - деп хабарлайды massaget.kz.
Депутаттар Парламент Мәжілісі жанынан жаңа диалог алаңына айналатын қоғамдық палата құру туралы бастаманы қолдады. Бұл туралы алдағы жалпы отырыста жан-жақты талқыланатын болады. Оның құрамына беделді сарапшылар, қоғам қайреткерлері, саяси партиялар мен БАҚ өкілдері кіреді.
Мәжіліс баспасөз қызметі жаңадан құрылатын палатаның негізгі міндеттерін айтып берді.
М. Жәмішжанов"Мәжіліс жанынан Қоғамдық палата құру туралы бастаманы Мәжіліс төрағасы Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында айтты. Ол депутаттардың қарауындағы заң жобаларды ашық талқылауға, қоғамды толғандыратын басқа да маңызды мәселелер бойынша пікір алысатын орын болмақ. Сонымен қатар, Қоғамдық палата Ұлттық құрылтайда қабылданатын шешімдерді, сондай-ақ, басқа да қоғамдық және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды заңнамалық іске асыру алаңына айналады", - делінген ведомство хабарламасында.