Қазақстанда жеңіл машина шығару екі есе өскен

Қазақстанда жеңіл машина шығару екі есе өскен

2012 жылдың басынан бері Қазақстанда 6016 көлік шығарылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе жоғары болып саналады. Бұл туралы  Qncepto консалтингілік компаниясы ақпар таратып отыр.

Qncepto консалтингілік компаниясы соңғы екі жылда Қазақстанда жеңіл көліктер мен жеңіл коммерциялық көліктерге деген сұраныстың күн санап артып артып бара жатқанын растап отыр. 2012 жылдың қаңтарынан ақпан айына дейінгі аралықта делдалдардың көмегімен 5849 көлік сатылған. Аталған көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда көш ілгері қарыштап кеткен. Бірақ, мамыр айында сатылым 5 пайызға күрт төмендеген.

Қазақстандық тұрғындар 20 мың долларға дейінгі көлемдегі отандық седан көліктеріне құда түскенді жөн көреді екен. Оған қоса шағын литражды көліктерді сатып алушылардың саны күн санап артуда.

Сурет:kursiv.kz

Дайындаған:Фараби Бақыт

Л. Лига