- Негізгі бет
- Шолу
- Қазақстанда интернет арзандауы...
Қазақстанда интернет арзандауы мүмкін
Қазақстанда интернет арзандауы мүмкін. Бұл бүгін, яғни 17 шілде күні антимонополия агенттігінде сөз болды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Ведомствоның баспасөз қызметі Ғабидолла Абдрахимовтың басшылығымен жүргізілген отырыс туралы: "Ел президенті еліміздің барлық азаматтарын интернетке қолын жеткізу туралы бұрыннан айтып жүр. Осы орайда біздің антимонополия агенттігі интернет нарығындағы бағаларды төмендетудің жолдарын қарастырып, селекторлық мәжіліс өткізді", - деді.
Абдрахимов, сонымен қатар агенттікке осы жылдың соңына дейін барлық сферадағы тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған жұмыс жоспарын дайындауды тапсырды. Және антимонополия туралы заң бұзушылықтарды ерекше бақылауға алу керектігін айтты.
Трансшекаралық нарықтағы бағаларды реттеу мақсатында Еуразия Экономикалық Комиссиясымен бірігіп жол картасы жасалып жатқандығы да белгілі болды. Агенттіктің аймақтық бөлімдеріне құрылыс материалдары нарығындағы бағаларды реттеу бағытында жұмыстарға да назар аударылу керектігі басып айтылды.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: nashaagasha.org