Қазақстанда MINI Paceman сатыла бастады

Қазақстанда MINI Paceman сатыла бастады

Қазақстандық дилер жаңа MINI Paceman кроссовер-купесін сатуды бастады. 

Paceman концептісі 2011 жылы Детройттағы автошоуда көрсетіліп, әлемдік нарыққа өткен жылдың аяғында шыққан болатын. Авто Countryman кроссоверімен көп жағынан ұқсас келеді, бірақ габариті жағынан өзгеше. Paceman аласа және бұрынғы түріне қарағанда кішірек. Өндірушілер көлікті SAC (Sports Activity Coupe) жаңа класына жатқызады. Бұл дегеніміз кроссовер мен купе арасындағы жаңа модель болып саналады. 

1

Көліктегі күштік шешімдердің гаммасына келер болсақ, көлік бензинді 1,6 л көлемдегі төрт цилиндрлі турбоқозғалтқышты және қуаты 122, 184 және 218 а.к тең түрлері бар. Сондай-ақ 1,5 және 2 литр көлемдегі "дизельді" түрі де сатылымда. Жетегіне келер болсақ, көлік алдыңғы жетекті. Алайда жоғары қуатты түрлері ALL4 толық жетекке ие. 

Қазақстандағы Paceman көлігінің ең төменгі бағасы 30 255 еуроны құрайды. Орташасы сатып алушыға 35 358 еуроға түссе, толық жетекті, ең қуатты қозғалтқышты Paceman көлігі 37 399 еуро тұрады. Әртүрлі опциясына байланысты (жүргізушінің талғамына қарай) көлік 11 мың еуроға қымбат сатылуы мүмкін. Көлік кузовы сатып алушыға сегіз түрлі түспен ұсынылады. Сатып алушыға шатырдың екі түсін және салонның төрт түсін таңдап алуына болады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: automobilimir.blogspot.com, mail.ru

Б. Қосмағамбет