Қазақстан сәнді шетел көліктерін шығаруды бастады

Өскемендегі «АЗИЯ АВТО» автокөлік құрастыру кәсіпорны KIA Quoris седанын сатылымға шығаруды бастап кетті. 

Сәнді көліктердің бірінен саналатын KIA Quoris 3,8 литрлі бензин қозғалтқышымен жабдықталған. Ол V6 цилиндрлі және 294 аттың күші бар. Беріліс қорабы - автоматты және 8 сатылы. Автокөлік жоғары деңгейлі өкілдер үшін жасалған. Ол үшін барлық жағдай қарастырылған. Онда көліктің артқы көрінісін беретін камера, круиз-бақылау, үш зоналық климат-бақылау, 17-арналы Lexicon Hi-Fi аудиожүйесі, навигация жүйесі, барлық орындықтарды жылыту мүмкіндігі және тағы да басқа кең ауқымды қызметтер қарастырылған. 

Одан бөлек, артқы орындықтағы жолаушылардың өз уақыттарын мультимедиялық дисплейдегі фильмдерді қарап өткізуіне де жағдай жасалған. 

Қазақстандағы KIA Quoris көліктерінің бағасы 70-85 мың АҚШ доллары аралығында болады.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: carground.ru, mail.ru