2013 жылдың 4-тоқсанында бірінші қазақстандық алыстан бақылау спутнигі ұшырылады, деп хабарлайды today.kz.
"Бірінші қазақстандық орташа кеңейтілімді Жерді алыстан бақылау спутнигінің ұшырылуы 2013 жылдың 4 тоқсанына жоспарланып отыр. Жер серігі Ресейдегі "Ясный" космодромынан ұшырылады", - делінген Қазғарыш таратқан ақпаратта.
Екінші жоғары кеңейтілімді спутник 2014 жылы Франциядағы Куру космодромынан ұшырылмақ.
Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін Телекоммуникациялық «ҚазСат-3» ғарыш аппаратының жобасы іске асырыла бастағандығын айтқан болатын. «ҚазСат-3» телекоммуникациялық ғарыш аппараты ААҚ «ИСС» орталығында жасалып шыққан орта класты «Экспресс-1000Н» платформасының негізінде жасалуда. Жоба сәтті болса, аппарат бүкіл Қазақстанды байланыс қызметімен қамтамасыз етеді. Спутниктің ұшырылуы 2014 жылға жоспарланып отыр.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: skoro2012.ru