Қазақстан жаңа көлік құрастыра бастады

Қазақстан жаңа көлік құрастыра бастады

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы "АЗИЯ АВТО" зауытының конвейеріне жаңа Skoda Octavia көлігі келіп түсті. 

Лифтбектер Қазақстанда үш түрлі қозғалтқышпен шығарылмақ. Қазақстандық Octavia A7 көліктерінің барлық қозғалтқыштары бензинді болмақ. Ең алғаш болып 1,2 литр қозғалтқышты (1,5 ат күші бар), 5-сатылы механикалық беріліс қорабы бар көліктер құрастырылса, одан кейінгі кезекте 1,4 литр моторлы (140 ат күшіне тең), 7-сатылы DSG роботты беріліс қорабы бар және 1,8 литрлі (180 ат күші бар) түрлері сатылымға шықпақ. Кейін 1,2 және 1,4 литрлі механикалық беріліс қорабы бар агрегаттар құрастырылатын болады. 

Одан бөлек, жақын келешекте Octavia Tour универсал көлігі де қазақстандық нарыққа жол тартады деп күтілуде. 

Қазірдің өзінде жаңа көліктердің бағасы да белгілі. Ең әлсіз қозғалтқышты Octavia A7 көлігіне 21 мың доллар төлесеңіз, толық комплектациядағысы 31 мың АҚШ доллары тұрады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: auto.mail.ru

Б. Қосмағамбет