Өскеменді KIA бизнес-седанының рестайлингтік нұсқасын жинақтау басталды.
Автокөлік тұңғыш рет 2012 жылдың қазан айында көпшілікке таныстырылған еді. Ал 2013 жылы Cadenza көлігінің жаңарған нұсқасы Детройттағы автосалонда көрсетілді. Жалпы KIA Cadenza модельдік қатарда Optima мен Quoris көліктерінің аралығында орналасқан.
Cadenza-ның жаңа нұсқасы радиатор торының жаңарған түрімен, жаңартылған оптикамен және өзгеше бамперімен ерекшеленеді. Седанның артқы жағы жаңа фонарьмен жабдықталған. Сондай-ақ ішкі бөліктерінде де едәуір айырмашылықтар бар. Ал салон іші қымбат материалдармен жабдықталған. Орталық консольге де өзгерістер енгізілген.
Ал көліктің қозғалтқышы еш өзгеріске ұшырамаған. Қазақстандық сатып алушыларға 3,5-литрлі қуаты 290 ат күшіне сай V6 GDI қозғалтқышты, 6 сатылы Sportmatic автоматты қорапты нұсқасы ұсынылатын болады.
Автокөлік бағасы оның жиынтығына қарай 6 780 000 - 7 350 000 теңге аралығында болмақ.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: mail.ru