Қазақстан Skoda Superb көлігін шығаруды бастады

Өскемендегі «Азия Авто» зауыты жаңа Skoda Superb көлігін шығаруды бастап кетті, деп жазады auto.mail.ru.

Қазақстандық зауыт чех фирмасының жаңартылған лифтбегін құрастырып отырған әлем бойынша осымен үшіншісі саналып отыр. Ал Superb көлігінің осыған дейінгі нұсқасы Қазақстанда осыдан жеті жыл бұрын шығып бастаған болатын.  

Skoda компаниясының жаңа автокөлігі Audi A4 және Volkswagen Passat көліктері бөліскен B6 тұғырнамасында жасалынып отыр. Ал жаңарған нұсқаны көпшілік тұңғыш рет биылғы жылы өткен Шанхай автосалонында көрген еді. Автокөліктің сыртқы кейпі ерекше фаралар мен радиатор торының, жаңа бампер мен алдыңғы қанаттарының арқасында біраз өзгерістерге ұшырап отыр. Сондай-ақ көліктің салоны да бұрынғысына қарағанда ыңғайлы және заманауи бола түскен. Материалдарының сапасы жақсарып, көптеген жаңа қызмет түрлері пайда болған.    

Қазақстандық сатып алушыларға көліктің құрамына екі бензинді агрегат кіретін қозғалтқышты түрі қолжетімді болып отыр: 2-литрлі TSI (200 ат күшіне ие) және 3,6-литрлі FSI V6 (260 ат күшіне ие). Екі мотор түрі де алты сатылы автоматты беріліс қораптары арқылы қозғалысқа келеді. Сонымен модель үш түрлі жабдықта сатылмақ: Active, Ambition және Elegance. Көліктің бағасы да оның жабдығына байланысты 4,9 миллионнан 8,3 миллион теңге аралығын құрайды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: auto.mail.ru