- Негізгі бет
- Шолу
- Қазақ тілі Google...
Қазақ тілі Google Translate қызметінде 2014 жылы пайда болуы мүмкін
Көптен бері көпшілік сөз етіп жүрген мәселелердің бірі мемлекеттік (қазақ) тілдің Google Translate қызметінде қашан пайда болатындығы жөніндегі сұрақ. Осыған байланысты "WikiBilim" ҚҚ басшысы Рауан Кенжеханұлы келер жылдың соңына дейін қазақ тілі аталған қызмет түрінің құрамына енуі мүмкін екендігін хабарлады. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісі жазып отыр.
«2014 жылдың аяғына дейін қазақ тілі «Google-аудармашы» жүйесіне толық мүше болып кіреді деп үміттенемін»,-дейді ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникация қызметінде» өткен брифинг кезінде Кенжеханұлы.
«Жақында Google ағылшын тілінен қазақшаға және керісінше аударуға мүмкіндік беретін парақшаны сынақ ретінде іске қосқандығын хабарлады. Енді қазақтілді қолданушылардың «Google-аудармашы» қазіргі кезде ұсынып отырған аудармаларға баға беру үшін белсенді жұмыс жасағаны қажет етіліп отыр. Егер бәріміз ондағы сөздерді (аудармаларды) сараптауға бір кісідей ат салысатын болсақ, қазақ тілінің де Google-аудармашыда пайда болу уақыты жақындай түседі»,-деп мәлімдеді Кенжеханұлы.
Сондай-ақ "WikiBilim" басшысы аудармалардың сапасын қамтамасыз ету үшін "Beeline Қазақстан" компаниясы үш ай бойына сараптамамен айналысатын кәсіби аудармашылардың жұмысына грант бөлгендігін де хабарлай кетті.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: steep-mobile.ru
Б. Қосмағамбет