- Негізгі бет
- Шолу
- .қаз зонасында бір...
.қаз зонасында бір аптада 1400 атау тіркелді
.қаз зонасында ашық тіркелу басталған сәттен бастап (15 тамыздан бастап) 1390 домендік атау тіркелді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстаннның желілік ақпараттар орталығына сілтеме жасай отырып.
Зонада арбуз.қаз, почтидаром.қаз, гугл.қаз, гном.қаз, нет.қаз, салон-красоты.қаз секілді атаулар тіркелген. Бастапқы тіркелу периоды кезінде 16 домендік атау сатып алынды.
Аталған домендік зонаның ерекшелігі, сайтты кириллица әріптерімен, сонымен қатар, қазақша әріптермен атау мүмкіндігінің барлығы. Сайт иелері беттерін .қаз зонасынан .kz зонасына бағыттау мүмкіндігіне де ие.
Осы орайда "Қазақстанның Интернет Ассоциациясының" басшысы Шавкат Сабыров сауда маркасы мен бренд иелері .қаз зонасында домендік атау алып үлгермей, ол атауды бөгде жеке тұлға иеленіп үлгерген болса, адресті сот арқылы қайтарып алуға болатындығын айтты.
"Заң бойынша көп уақыт бұрын тауар белгісі немесе компания атауы тіркелген болса, домендік атауды соттасып иеленіп алуға болады. Кім не істесе де сот әрқашан компанияның жағына шығады", - деді Сабыров.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: thepassion.vn