Қайырымдылық кілемшесі: төменнен көмек

Қайырымдылық кілемшесі: төменнен көмек

Ауруханалар мен баспаналарға арналған кілемше. Ұшақ болмаса да белгілі бір мөлшерде сиқыры бар: адам құлаған кезде қол ұшын береді.

Шын мәніне келгенде, аталған кілемше электрондық қондырғы болып табылады. Үстінен өтіп бара жатқан адамның жүріс-қимылы арнайы компьютерге беріліп отырады. Егер жүрісіңіз алда-жалда өзгеріп сала берсе, онда компьютер тиісінше белгілі бір орындарға хабар береді. Ал ол жақтан медбике, бөлім меңгерушісі дер кезінде көмекке келеді.
Кілемшенің бұдан да артық қасиеттері бар болып шықты. Осы бір зат-қондырғыны ойластырып шығарған Патриция Скалли есімді азамат келіп жеткен қатер мен болашақта орын алуы мүмкін ауруларды анықтап білуге болады деп сендіреді. 
Скалли қоғамдық емханалар мен қарттар үйлерінде көрсетілетін қызметке көңілі разы еместігін айтады. Егде тартқан шал-шауқандарды іздеп, керек қылып жатқан ешкім жоқ дейді. Дәліз бойында құлап қалса да, көре қоятын медбикелер табылмайды деп өз ойын жасырмайды. 
Сонымен 65 жастың ар жақ пен бер жағында мәңгілік сапарға аттанғалы тұрған қарттарды жақсы ниетпен шығарып салу кімнің де болсын парызы. Ендеше, осы кілемшені сатып алудан тартынбаңыз. Тек үйіңізде компьютер болып жатса...
Болашақта қондырғының жарқын үлгілері жасалып шықпақ. Ол кезде кез келген адамның денсаулығын кілемше арқылы біліп отырасыз. Ең жақсысы сол, кілемшені міндетті түрде үйге сатып алыңыз. Өтірік ауырып жүргендердің сыры ашылып, "ұят-ай!" болар...

 

cурет: ashkimsin.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига