- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Қайрат Құдайбергенді қамауда...
Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды
Алматы қалалық соты Алматы қаласы мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы ұзартты, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі "Казахстанская правда" басылымына сілтеме жасап.
"17 маусымда Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды", - деді соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, Қайрат Құдайберген 22 сәуірде ұсталған болатын. Артынша, прокуратура алматылық мәслихат депутаты Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінгенін растады.
Г. Досымшалова