Kawasaki ұсынған фантастикалық концепт

Kawasaki ұсынған фантастикалық концепт

Әлемге мотоцикл өндірісімен танылған жапондық Kawasaki компаниясы Tokyo Motor Show автосалонында «J» атты ерекше концептісін таныстырды. Бұл көлік құралы футуристикалық түрінен бөлек трансформацияға ұшырай алатындығымен де ерекшеленеді.

1

Үш дөңгелекті модель спорттық «төменгі» режимнен алдыңғы дөңгелектерінің арасы алшақтап, орындығы көтеріліп, «жайлылық» режиміне ауысады.

2

3

Бір қызығы, "J" моделінде дәстүрлі руль жоқ. Оның орнын екі рычаг алмастырған. Жаңа концепт Gigacell жаңа аккумуляторын қолданады. Дегенмен, компания инженерлері бұл жобаның басқа да қырлары туралы және оның қашан жүзеге асатындығы жөнінде ақпарат берген жоқ.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: gizmag.com

Б. Қосмағамбет