Қауіпсіздік белбеуі мен рөлі жоқ көлік ұсынылды

Toyota компаниясы ұсынып отырған FV2 көлігі адам мен автомобиль арасында жаңа байланыс орнатпақ...

Жапондардың сөзіне сенсек, бұл байланыс физикалық және эмоциялық қам-қарекетте түзілуі мүмкін. Көз көріп үйренген көлік рөлінен бас тарту арқылы кеңістікте жүріп-тұру жүргізушінің ықпалды қозғалысымен орындалады. 

Жылдамдығы жоғары Toyota FV2 көлігі қолайсыз ауа-райында жүріп тұруға ыңғайлы. Жүргізушінің көңіл-күйіне қарай түсі өзгеріп тұрады. Өзге көліктермен байланыс түзу, жол жүрісін ұсыну бағдарламалары қамтамасыз етілмек.

Бір айта кетерлігі, аталған көлікте қауіпсіздік белбеуі болмайды. Отырғышының апаттан аман алып қалу жағы қарастырылмаған. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/mYvBcdCm5zg","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: fjcruiserforums.com