Израильдық инженер-өнертапқыш Ицхар Гафни кәдімгі картон қағазынан велосипед жасап шығарды. Ол туындысын жақын арада жаппай сатылымға шығаруды көздеп отыр.
Жалпы картон велосипедті жасаудың өзіндік құны 9 доллардай екен. Ал Гафни болса, оларды нарықта 20 долларға сатуды жоспарлап отырған көрінеді. Ересек адамға арналған велосипед салмағы 9 килограмм. Инженер жобамен 4 жыл бойына айналысқан. Ең басты қиындық ретінде картонның әлсіз құрылымын нығайту жұмысы болған екен. Уақытының да біраз бөлігі осы қиын жұмбақтың шешуін табуға кеткен.
Біраз жыл ізденістің арқасында ол картонды cу мен үлкен салмаққа төтеп бере алатын қоспамен толтырып, картонға төзімділік бере алған. Гафни өзі ойлап тапқан велосипедті сынау үшін оны бірнеше ай суға да салып қойған. Оның айтуынша, осыншама уақыт суда тұрса да, велосипед құрылымы еш өзгермеген екен.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: techvesti.ru, strangery.ru