- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Қарағандыда ер адам...
Қарағандыда ер адам тергеу изоляторына есірткіні құрмаға салып өткізбек болған
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/1 мекемесінің қызметкерлері тергеу изоляторына тыйым салынған заттың кіруінің алдын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, уақытша ұстау изоляторында 32 жастағы күдіктіге арналған сәлемдемені тексеру кезінде азық-түлік салынған пакеттегі 6 құрманың ішінен қара түсті бумалар анықталған. Сәлемдемені қаланың 28 жастағы тұрғыны берген. Қазір аталған дерек тіркеліп, тергеу жүріп жатыр.
Қарағанды облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекеме аумағына тыйым салынған затты өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салып өтті.
Г. Досымшалова