- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Қарағандыда алаяқ кәсіпкерлерді...
Қарағандыда алаяқ кәсіпкерлерді алдап, қомақты қаржы жымқырған
Қарағандыда кәсіпкерлерді алдап, жалған келісімшартқа отырған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Былтыр 12 қарашада Қарағанды қалалық ПБ Михайловский полиция бөліміне ЖШС басшылығы жүгінген. ЖШС сауда ұйымымен келісім-шартқа отырғаны белгілі болды.
"Ол көлемді тауар партиясын жеткізуге міндеттеме алған. Шарт бойынша жеткізушінің есепшотына алдын ала төлем ретінде 20 миллион теңге аударылған. Ақшаны алғаннан кейін "серіктес" байланысын тоқтатқан", - делінген хабаламада.
9 желтоқсанда полицейлерге алаяқтың құрбаны болған 64 жастағы тағы бір кәсіпкерден арыз түскен.
"Жәбірленуші 20 миллион теңге алдын ала төлем жасай отырып, 40 тонна сары май жеткізуге келісім-шартқа отырған. Ақырында алданғанын түсінген.
Жалған кәсіпкер биыл ақпанда да өнеркәсіптік кәсіпорындардың біріне металл құбырлар жеткіземіз деген желеумен 7 миллион теңгені алдап алған", - делінген хабарламада.
Полицейлер өзін сауда ұйымының директорымын деп таныстырған Қарағанды қаласының 59 жастағы тұрғынын анықтаған.
10 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындаған. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық фактке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Д. Шәріпхан