Қарағанды облысы ҚМА қызметкерлері шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өнімдерін заңсыз иемдену, сақтау және өткізу дерегін анықтады, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, Шмид С.В. өз үйінің аумағындағы гаражда құжатсыз мұнай өнімдерін сақтау және өткізу үшін үш цистернаны пайдаланғаны анықталған.
"2021 жылы ол дизель отынын тасымалдау және өткізу заңдылығын растайтын құжаттарсыз әрқайсының көлемі 1000 литр болатын екі цистерна орнатқан жүк-жолаушы көлігін қайта жөндеуден өткізді", - делінген хабарламада.
Ол "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу" туралы заң талаптарын бұзған, яғни мұнай өнімдерін олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алып, сақтап және өткізген.
Сот үкімімен Шмид С.В.-ға қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалған, сонымен қатар, қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған.
Сот шешімімен тінту кезінде табылып, тәркіленген дизель отыны мемлекет пайдасына жіберілетіні белгілі болды.