Сингапурдың іскерлік аудандарының бірінде әлемдегі алғашқы робот-такси жұмысын бастады.
Оның жүргізушісі болмайды. nuTonomy компаниясының мәліметінше 25-тамыздан бастап кез-келген тұрғын смартфон арқылы осы таксиді шақыра алады. Жолақысы тегін.
nuTonomy компаниясының басты мақсаты жобаны тәжірибеде сынап көріп, оны жетілдіру үшін қажетті деректерді жинау.
nuTonomy компаниясының бас директоры Карл Иагнемма: «Жиналған деректер 2018 жылы толыққанды коммерциялық маршрутты іске қосуға мүмкіндік береді»-дейді.
Дереккөз: reactor.inform.kz