Жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу құжатының жаңа түрі қандай?

Жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу құжатының жаңа түрі қандай?
Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа нұсқасы бекітілді. Қабылданған құжаттарға сәйкес жүргізуші куәлігінде елеулі өзгерістер болды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 2 қарашадағы № 953 бұйрығы бойынша 2014 жылы шығарылған "Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Жаңа жүргізуші куәлігінде чип құжаттың артқы жағында орналасады. Сондай-ақ чипке көлік иесі мен жүргізуші куәлігі иесінің саусақ іздері енгізіледі.

Бұдан бөлек көліктің техникалық төлқұжатында біраз өзгерістер болды. Құжаттың сыртқы дизайны ауысып, артына көліктің иесі туралы мәліметтер сақталған чип орнатылады.

 
А. Рысдәулет