- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Жомарт Ертаевқа қатысты...
Жомарт Ертаевқа қатысты жаңа іс басталды
Жомарт Ертаевқа қатысты жаңа қылмыстық іс басталды, оның құқықтың мәртебесі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қадағалау органының деректері бойынша, бұған дейін Bank RBK өкілдері құқық қорғау органдарына тағы бір өтінішпен жүгінген. Осыдан кейін Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұл іспен Алматы полиция департаменті Тергеу басқармасының қызметкерлері айналысып жатыр.
"Қылмыстық іс аясында тергеуші Жомарт Ертаевқа қатысты қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Ертаевтың мәртебесі "қорғау құқығы бар куәгер" ретінде анықталды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды", - делінген Алматы қаласы прокурорының орынбасары Назарбай Ибраймолдаевтың қолы қойылған жауапта.
Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында экс-банкир Жомарт Ертаев Bank RBK-дан 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Онымен бірге тағы 35 адам сотталды.
М. Жәмішжанов