18 қараша халықаралық «Жол апатында қаза болғандарды еске алу күні» екен. Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мунның бұл күні жасаған мәлімдемесінде «Биыл дүниенің жер-жерінде болған жол апатынан 1 миллион 200 мың адам қаза болды» деді. Және барлық елдерді жол-қатынас ережесін күшейтуге шақырды.
Оның бұл мәліметінде тағы әр жылы 50 миллион адам жол апатынан жарақат алады екен. Мұның көп сандысы ғұмырлық мүгедек және рухани азапқа жолығады. Шамамен 90%-дан артық жол апаты экономикалық әл-ауқаты орта және төмен деңгейдегі елдерде орын алады. Ол барлық елдердегі жол-қатынас қызметкерлеріне қатаң ескерту жасады. Және қадағалауды күшейтпесе, 2030 жылға барғанда жол апаты адам баласының үлкен өлім себебіне алып келуі әбден мүмкін дейді. Бұл шынында да адамзат өркениетіне үлкен зауал болмақ.
2005 жылы 26 қазанда БҰҰ шешім қабылдап, әр жылы қараша айының 3-жексенбісі халықаралық «Жол апатынан қаза болғандарды еске алу күні» деп жариялады. Және әр жылы осы күнге дейін жол апатында қаза болғандар тізімге алынып отырады. Бұл тегін емес, әр ел халқын үндеуге шақыру, көлік апатының барынша алдын алу үшін жасалған шара болмақ.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com