Кілттеріміз бен ұялы телефонымызды бір жаққа бара жатқанда жиі үйде қалдырып кетеміз. Бұл мәселені Канаданың Simon Fraser университетінің мамандары шешуге тырысты. Олар иесіне ұмытқан затын хабарлап тұратын сөмке ойлап тапты.
Ғалымдар «Ladybag» түбіне 9 вольттық қуаты бар, радио таңбаларды оқитын батареялар орналастырды. Сөмкенің алдыңғы бөлігіне дисплейге ұқсас үш жанып тұратын құрылғысы бар. Олардың әрқайсысы сөмкеге салынған заттарды белгілеп отырады. Мысалы, кілт, телефон және әмиян.
Егер сөмкенің иесі бір затын ұмытқан жағдайды құрылғылар үздіксіз жанып тұрады. Мұнымен қатар, сөмке иесін тани алады. Егер оны ұрлап кетсе, Ladybagтың түрі өзгеріп кетеді. Иесі қайтарып алған жағдайда смайлдар көңілдене түседі. Өнімді шығарушылар жастардың арасында кеңінен тарайды деген үмітте.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: zhelezyaka.com