Қайрат Әбсаттаров Жезқазған әкімі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаровты басқа жұмысқа ауысуына байланысты шығарып салу рәсімі өтті. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және әріптестері Қайрат Бектайұлына ризашылықтарын білдірді", - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Еске салайық, Қайрат Әбсаттаров 2020 жылдың тамызында Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалған еді.