Жер сілкінісі кезінде не істейсің?

Жер сілкінісі кезінде не істейсің?

Интернет саудасымен айналысатын dezeen.com сайты жер сілкінісі кезінде паналауға арналған жаңа партамен таныстырды.

Кез келген жас баладан: "Үйдегі ең қауіпсіз жер қайсы?", - деп сұрасақ, үстелдің немесе партаның астын көрсетері анық қой. Жер сілкінісі кезінде талай оқушының парта астына тығылып, қайғылы жағдайға душар болғанын естіп жүрміз. Осыған орай, профессор Идо Бруно мен дизайнер Артур Бруттер үлкен салмаққа төтеп бере алатын үстел жасап шығыпты. Өнертапқыштардың айтуынша, бұл конструкция 1 тоннаға дейінгі массаны көтере алады. Материалдардың ерекше комбинациясы күшті жан-жаққа бөліп, конструкцияны сақтап қалады. Осылайша, 2 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар.

а

Тәжірибе алаңы

а

Күш түсу нүктесі

вап

Тәжірибеден соң

ва

Салыстыру үшін жүргізілген тәжірибе. Қарапайым парта

Үстелді сонымен қатар, ғимаратқа кіру кезінде де сақтандырушы ретінде пайдалануға болады. Қазіргі кезде конструкция бірнеше тәжірибеден сәтті өтіп, Италиядағы Падуан университетіндегі халықаралық инженерлік бөлімнің тексерісін күтіп тұр.