- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Жер шарын 6...
Жер шарын 6 сағатта айналып шығу мүмкін болмақ
Таяуда Evacuated Tube Transport Technologies компаниясы жүйрік көлік жобасын ұсынды.
«Жақында ұшақтар мен пойыздарды әлдеқайда қауіпсіз және арзан саналатын вакуумдық көлік құбырлары (Evacuated Tube Transport — ETT) алмастыратын болады», - деді Evacuated Tube Transport Technologies компаниясының өнертапқыштары.
Флоридалық өнертапқыш Дэрил Остер тоқсаныншы жылдардың басында аталған технологияның атауы мен концепциясын ойластырған еді. Ал 1997 жылы ол өзінің өнертабысын патенттеп алған болатын.
Остердің есептеуінше, вакуумдық құбыр арқылы қатынау кезінде салмағы бар болғаны 183 келіні құрайтын алты орындық капсуланың жылдамдығы 6500 км/с-ге жететін болады. Сонымен қатар, оның энергия жарату шығыны қазіргі көліктерге қарағанда, анағұрлым аз болатын көрінеді. Остердің айтуынша, Нью-Йорктен шыққан жолаушы Чикагоға 45 минут ішінде, Пекинге 2 сағатта жетеді екен. Ал жер шарын алты-ақ сағат ішінде айналып шығуға болады-мыс.
Тағы бір айта кетерлік жайт, осындай қоғамдық көліктен бөлек дербес қатынау түрін жасау да ойластырылуда. Ол үшін көлемі автокөлікпен бірдей болатын арнайы капсулалар даярланады. ЕЕТ қызметкерлерінің мәлімдеуінше, мұндай көлік түріне арналған арнайы «магистральдің» құрылысына шамамен барлық автожолдың құрылысына жұмсалатын қаражаттың ¼ бөлігі қажет екен.
Сурет: runyweb.com
Ж. FM