Жер маңынан ұшып өткен астероидтың суреті жарияланды

Голдстоун обсерваториясының астрономдары 11 желтоқсанда Жер маңынан ұшып өткен астероидты суретке түсіріп алды. Нысанның Жерден қашықтығы 7 миллион шақырымды құраған. NASA астрономы Ланс Беннер: "Жер шары үшін астероид ешқандай қауіп төндіре алмайды. Бірақ астрономиялық қашықтық жағынан бізге барынша жақын болды",-дейді.  

Голдстоун радары астероидты 22 желтоқсанға дейін бақылайтын болады. 

Toutatis аталған аспан денесі астрономдарға бұрыннан танымал. Ол ғаламшарымыздың маңынан әр 4 жыл сайын өтеді екен. Оның ұзындығы 4,5 шақырым. Ғалымдар оны ең қауіпті астероидтардың біріне санап отыр. Дегенмен ғалымдардың сөзіне сенсек, ол алдағы 100 жылда Жер шарына ешқандай қауіп төндіре алмайды екен. 

Жаңа радар астероидты бұрынғы суреттерден 5 есе жоғары сапамен түсіріп алуға мүмкіндік берді. Toutatis формасы жағынан арахиске өте ұқсас. Ғалымдар оның себебін бірнеше аспан денелерінің синтезінен пайда болғандығынан деп түсіндіреді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com