- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Желмен жүретін көлік...
Желмен жүретін көлік
Миллиардтар елі қашан да тапқырлыққа, жаңалыққа бай. Жуықта Пекин қаласы, Тұңжу ауданының бір қарапайым тұрғыны жел арқылы қозғалатын көлік тапқырлап, жұртты қайран қалдырды. Өзінің айтуынша бұл көлікті қарапайым құрылғылар арқылы зерттеп жүргеніне үш ай болған және екі мың доллар шамасында қаржы жұмсаған. Биіктігі бір метр, ұзындығы үш метір болатын қарапайым көліктің ең басты ерекшелігі жел күшінен пайдаланып, бензин үнемдей алатындығында. Ал жоғары қарқынды жолдарда сағаттық жылдамдығы 140km/h-ге дейін жетеді екен.
Оны бұл тапқырлыққа жетелеген ұлының ойыншығы болды. Қағаздан зырылдауық жасап алып, шапқылап жүрген ұлының ойыншығын көргенде, желдеткіш арқылы да моторды қозғалтуға болатыны ойына оралып, көлік жасау ісіне бірден кіріскен.
Көліктің алдыңғы бөлігіне орналасқан желдеткіш көлік қарқыны тездеген сайын, моторға жеткілікті энергияны қамдап отырады. Әрине көлік бірден қозғалғанда моторға жел арқылы берілетін энергия жеткілікті болмайды. Сол себепті, көлік орнынан қозғалып біраз жерге дейін бензинмен жүретін болады да, қарсы алдыдан соққан желдің қарқыны күшейіп, желдеткіш қалыпты айналымға түскен соң бензин энергиясы автоматты түрде жел энергиясына айналатын болады.
Жаңа тапқырланған көлік Қытай еліндегі көптеген көлік компанияларды баураған. Олардың айтуынша, бұл көлік әлі де кемшіліктерге толы. Алда тағы да тереңдеп зерттеуді қажет етеді. Дегенмен, қазіргі таңда жасалып жатқан, электр энергиясы арқылы қозғалатын көліктерге тың бағыт ашылды деуге болады. Өйткені, көлік алдындағы желдеткіш айналу арқылы электр моторды қуаттап (зарядтап) отырады. Болашақта, электр моторлы көліктерді бензинмен қуаттайтын құрылғылар күшінен қалуы әбден мүмкін дейді.
Дайындаған: Алшын МАТАЙ
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек