Желіде жаңа Toyota Land Cruiser Prado-ның құпиясы ашылды

Жаңартылған Toyota Land Cruiser Prado көлігі интерьерінің де, экстерьерінің де интернетте құпиясы ашылды. YouTube порталында TestDriven қолданушысының парақшасында жаңа модельге қатысты бірнеше видеоролик пайда болған. Бірақ жаңа көлік туралы әлі ресми ақпарат тарамаған. 

Роликте Land Cruiser Prado жетілдірілген орталық консольге ие болғаны байқалады. Оның төменгі бөлігінде домалақ джойстик пайда болған, бірақ климаттық қондырғысын басқару блогы мен мультимедиялық жиынтық өзгеріссіз қалған. Сонымен бірге, борттық компьютердің түсті дисплейі бар жаңа аспап-құралдар панелі пайда болған, ал жабдықтау тізіміне артқы көрініс камерасы мен көрінбейтін аймақтарды бақылау жүйесі енген. 

Модел экстерьерінің алғашқы суреттері интернетке тамыздың 22 күні шыққан. Көлік жаңа алдыңғы және артқы шамға, өзгертілген бамперлерге және де радиатордың жаңа торына ие болыпты. 

Рестайлингтен соң жаңа Land Cruiser Prado алдыңғы нұсқадан 45 миллиметрге ұзынырақ, 10 миллиметрге жалпағырақ және 20 миллиметрге аласалау болады деп күтілуде. Осылайша, моделдің ұзындығы 4805 миллиметр, ені - 1905, ал биіктігі - 1825 миллиметрді құрайды. 

Land Cruiser Prado 190 аттың күші тең үш литрлік дизельді қозғалтқышпен жабдықталуы мүмкін. Бұдан бөлек, аталған көлікті рестайлингке дейінгі модификациямен жиналатын қозғалтқыштармен сатады: көлемі 2,7 және 4,0 болатын қозғалтқыш. 

writeFlash({"allowFullScreen":"true","allowscriptaccess":"always","src":"//www.youtube-nocookie.com/v/HFyAkRpAGjM?hl=en_US&version=3","allowfullscreen":"true","width":"450","height":"320"});

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: motor.ru