- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Жаз кезінде көлік...
Жаз кезінде көлік айдағанда нені білуіміз керек?
Көлік – бұл тұлпар. Темір тұлпар деп те босқа айтпайды біздің халық. Астыңдағы атты байырғы заманда баптап, бір суытып, бір терлететін болса, бұл күнде темір тұлпардың да баптауын нағыз ерлер білуі керек деген ойдамыз.
Сонымен, жазды күні көлік жүргізгенде нені ескеруіміз керек? Бұл турасында «Авто Mail.Ru» мамандары жауап берді.
Дөңгелек аптап ыстықта жарылып кетуі мүмкін бе?
Жарылуы мүмкін емес. Заманауи дөңгелектер арнайы өте қатты қысым түсірілген кезде ғана тесілуі мүмкін. Мәселен еуропалық стандартқа сай келетін (ETRTO) дөңгелектер термометр бағаны «90º С»-ді көрсетпейінше жарылмайды. Десе де, қолдан жасалған я бүлінген дөңгелектер жоғарыда көрсетілген стандарттарға сай болмауы мүмкін.
Желдеткішті қосып жүру шығын ба?
Әрине! Шығын! Бірақ қалада терезені ашып та жүре алмайтын кезіңіз болады. Ал бірақ таныс аймақпен немесе үлкен жолда жүргенде білікті жүргізушілер желдеткішті өшіріп, терезені ашып алады. Мысалы Lada Kalina көлігімен терезелерді ашып қойып жылдамдықты сағатына 90 шақырымға арттыратын болсаңыз қалыпты жағдайдан 0,1 л жанармай көп желінеді. Ал желдеткішті қосып, осы жылдамдықпен жүретін болсаңыз 0,5 немесе 0,4 литр бензин көп жейтін болады.
Пластикен жасалған канистраға жанармай бекеттері жанармай құйып бере ме?
Жоқ, пластиктен жасалған канистраға және бөтелкелерге бензин құйып ала алмайсыз. Темір канистралар өте ауыр және үлкен. Оларды бензин таусылып қалғанда көтеріп жүру ыңғайсыз. Бірақ кпөшілік жанармай бекеттерінде «Пластиктен жасалған ыдысқа жанармай құйылмайды!» деп жазып қойған. Неліктен? Себебі Қазақстанда «Мұнай базалары мен автокөліктерге жанармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері» атты құжат бар. Бұл құжат «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 17-1 тармақшасына сәйкес сақталуы тиіс.
«Енді қайтемін?» деген сұраққа мамандар былай жауап береді. Жанармай құюға тек темір канистра пайдаланылуы керек делінетін ереженің ескіріп кеткені айдан анық. Қазіргі таңда жанармай құюға болатын пластиктен жасалған ыдыстар баршылық. Бірақ бұған қатысты заң әлі қабылданбады. Бірақ кейбір жанармай құю бекеттерінің өздері де мұндай канистрамен жанармай құйып сататын болған. Қорыта келгенде, арнайы жанармай құюға арналған ыдыстарды пайдалана беруіңізге әбден болады.
Желдеткіштен суық тиіп ауырып қаламын ба?
Желдеткіш қауіпті емес. Қауіптісі адамға әсер ететін температураның құбылмалылығы. «Климат-контроль» қызметі бар қымбат көліктерден денсаулыққа тиетін еш пайдасы жоқ. Ал эконом-классқа жататын көліктерде ауырып қалуыңыз әбден мүмкін.
Дәрігер Сергей Хорев дала мен көліктегі температураның ара-парқы 10 ºС-ден аспауы керек дейді. Егер ауа температурасы 30 ºС болса, көлікте ең дұрысы 23-25ºС жылылықты қою болып табылады.
Оқи отырыңыз:
Көлік жүргізуші қыздарға кеңес
"Жүргізушілер тілін" білесіз бе?
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: auto.mail.ru
А. Құлтай