- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Жасыл Технология: Электроскутер...
Жасыл Технология: Электроскутер концепті
Америкада әйгілі LA Auto Show Mini автосалонында әр түрлі транспорттық көліктердің анонсы өткізіліп жатыр. Солардың бірі электр қуатымен жүретін скутер болды.
Британдықтар таныстырған Mini Citysurfer өнімінің көнцептінен оның мегаполистағы өмірге арналғанын бірден білуге болады. Дәстүрлі жанармайға тәуелді емес және кептелістерден кедергісіз өтіп кете алады. Жаңа қолданбалы скутер энергияны литий ионынан жасалынған аккумуляторда жинақтайды. Оны кез-келген энергия көзінен қуаттауға болады. Тіпті автомобильдің 12 В розеткасынан да ала алады.
Жаңа электроскутердің толық қамтылған энергиясы 25 шақырымға дейін жетеді. Ал жылдамдығының ең жоғары көрсеткіші – 25 км/сағ. Оның салмағы да сізге кедергі бола қоймайды. Небәрі 18 кг. Сонымен қатар, оның бірнеше бөлшектерінің құрылымын қалауыңызша өзгертуге болады. Тіпті жол-жөнекей өзге гаджеттерді қуаттап алуға да мүмкіндіктер қарастырылған.
Дегенмен жоба авторлары өнімді құрастыруға асықпай отыр. Оның шығу мерзімі мен бағасы туралы да әзірге еш ақпарат айтылмады.
Сурет: www.bmwblog.com
Ж. Өрісбай