- Негізгі бет
- Шолу
- Жарнаманың ең үздік...
Жарнаманың ең үздік үлгісі (видео)
Заманауи смартфондар әртүрлі функцияларды орындай алады. Мәселен, ең қарапайым нұсқасы айдиотаспа жасап, видеоролик түсіре алса, жоғары дамытылған смартфондар күрделі құжаттарды оқу мүмкіндігін береді. Соның өзінде де қалтамыздағы көмекшіміз жылдам даму үдерісінде жаңартылып келеді. Ал мұны тұтынушыларға жеткізуді жарнама өз еншісіне алады. Мысалы, төмендегі жарнамалық үлгіні оңтүстіккореялық Samsung компаниясының маркетологтары дайындаған.
Кейбір адамдар үздік жарнама дайындау үшін өнімнің сапасы да жоғары болуы тиіс деп түсінеді. Дегенмен, кез келген өнімнің өзінтік артықшылықтары болары анық. Жарнама агенттеріне өнімнің сол ерекше қырлары керек.
Samsung маркетологтарының жасаған концепция кез келген адамның назарын аударуға қауқары жетеді. Бұл тәжірибе жүзінде де расталып отыр.
Samsung Galaxy S6 Edge смартфонының өзге гаджеттерден қандай айырмашылығы бар? Әрине, сымсыз қуаттау үлгісі. Флагманды өнімнің сымсыз қуаттау тәртібіне ауысуы көптің назарына ілігуде. Бұл технология осыған дейін де бар болғаны рас. Әйткенмен де, оның техно әлемінде кең қолданысқа енуі енді ғана жүзеге асырылып келеді.
Ж. Өрісбай