Жапонияда әр тілде адамдармен сөйлесу үшін ұялы телефондарға қосымша сөздік шығарылды. NTT Docomo компаниясы шығарған бұл телефондағы қосымша жапон, ағылшын, қытай, корей тілдеріндегі сөздерді аударады екен. Болашақта басқа тілдер де қосылады. Бұдан бөлек соңғы кездері телефондарда басқа да сөздіктер пайда бола бастады. Олар Lexifone, Vocre, Alcatel-Lucent. Microsof компаниясы да осы бағыт бойынша жұмыс жасап жатыр.
Компания бұл бағдарламаларды қолдана отырып тіл мамандарының көмегінсіз артық шығын шығармай жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, туризмді дамытуға да себепші болады деп күтуде. Сөздікті жасау жұмыстары әлі толық аяқталмаған, сондықтан бұл қосымшаны кез келген жағдайда қолдана алмайсыз.
NTT Docomo компаниясы Android платформасы құрылғысының көмегімен жұмыс істейтін бұл қосымшаны Ceatec электроника көрмесінде көрсетті. Тұтынушылар қосымшаны 1 қарашадан кейін сатып алу мүмкіндігіне ие бола алады.
Қосымша мәтіндерді және әңгімелесушінің тілін аударумен айналысады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: lifeglobe.net