Жуықта Жапонияның жоғары қарқынды тас жолында бірнеше жүк көлігі бір сызықты бойлап, бірдей аралық сақтап, бірнеше сағат бойына жүріп отырды. Сырттай қараған адамға жүргізушілердің техникасы өте жоғары секілді боп көрінетін.
Жапония жуықтан бері жүргізушісіз көлік техникасын зерттеп, сынақтан өткізді. Сынақ алаңында төрт жүк көлігін бір-біріне төрт метр аралық сақтай отырып, 80km/h жылдамдықпен жүргізу. Әр көлікке автоматты жүргізу, көлік аралығын сақтау жүйесі, көлік қарқынын меңгеру және тежегіш жүйелері орнатылған. Бұл бір ғана техника арқылы жүзден астам көлікті бір уақытта меңгеруге болады екен.
Сынақ мезгілінде әр көлікке бірден бақылаушы адам орналастырылған. Бұл көмекші жүргізушілер көлік жүйесінің қалыпты жұмыс жүргізуін бақылайды. Дегенмен, бұл көмекші жүргізушілер тек сынақ кезінде ғана бақылап отырғанымен, алдағы уақытта бірнеше көлікті бір ғана адам бақылап отыратын болады екен.
Зерттеу орталығының айтуынша бұл техника әлі де жалғасты зерттелуде. Қазірге дейін негізгі басқыштан өткен. Осы техника арқылы көліктің жол қауіпсіздігіне және бензин үнемдеуге кепілдік етуге болады екен.
Дайындаған: Алшын МАТАЙ
Сурет: auto.enorth.com