Жапондықтар технологияға деген құштарлықтарынан әлемді таң қалдырудан жалығар емес, тіпті велосипед айдауда да. Осындай ерекше өнертабыспен бүгін сіздерді толығырақ таныстырмақпыз.
Жапондық ғалымдар велосипедте тепе-теңдік ұстай алатын кішкене робот жасады.
Өнертапқыш Масахико Ямагучидің айтуынша, роботтың қабілеттері тек ойлау мүмкіндігімен ғана емес,сондай-ақ нақты іс-рекеттерімен анықталады-мыс. Және велосипед айдау - сондай әрекеттердің айқын дәлелі.
Роботтың тепе-теңдік ұстауын микропроцессор мен гироскоп бақылайды. Велосипедтің рамасы қисайғанда арнайы алгоритм жағдайды түзу үшін рульді қаншалықты бұру қажеттігін анықтайды.
Бір қызығы кішкене велосипедте тежегіш орналаспаған және робот тоқтағысы келгенде педальдан аяғын алып, аяқтарының көмегімен тоқтайды.
Естеріңізге сала кетсек, Күншығыс елінің ғалымдары тіпті адам бетінің көшірмесін жасап шығарған. Толығырақ осы жерде оқи аласыз.
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/mT3vfSQePcs?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"256"});
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: mirfactov.com