Жапондықтар әлемдегі ең жылдам принтерді көпшілік назарына ұсынды

Жапондықтар әлемдегі ең жылдам принтерді көпшілік назарына ұсынды

Жапондық Kyocera Corp компаниясы әлемдегі ең жылдам принтер жасап шығарғанын жариялады. Ол минутына 152 бет басып шығарады екен. Алайда, жаңа принтер әзірше тек жасап шығарушы компанияда ғана бар көрінеді. Дегенмен, компания өкілдері аталған принтерді келесі жылдан бастап жаппай сатылымға шығаруды жоспарлап отыр. 

Принтердің басты ерекшелігі - басып шығаратын станогы. Әдеттегі принтер секілді жаңа құрылғының да кеңейтілімі 300dpi-ні құрайды. Бірақ, аталған принтерде бір уақытта қағаздың екі жағынан да басып шығару мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, қағаз бетіне түсетін сурет немесе тексттің анық шығуы үшін жаңа принтерлерде бірден екі басып шығарушы станок орналастырылған. 

Қосарланған басып шығарушы станоктың тағы бір ерекшелігі, сатып алушылардың сияның екі комлектісін алуы қажет емес. Станоктың ені 112 мм және бұл әлемдегі ең жалпақ болып есептеледі. 

Айта кетсек, жаңа принтердің құны әзірше белгісіз. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: svit24.net, vpleny.ru

Ж. FM