- Негізгі бет
- Шолу
- Жапондық өнертапқыш гимнасшы-робот...
Жапондық өнертапқыш гимнасшы-робот жасап шығарды
Осы күнде роботтардың қолынан келмейтіні жоқ екенін естіп, көріп жүрміз. Олар тіпті әртүрлі спорт түрлеріне араласа алатын жағдайға жетті. Оның ішінде ең қиын саналатын гимнастикаға да.
Жапондық бір өнертапқыш жақында осындай роботтың бірін құрастырып шықты. Ол турникке өз салмағымен асылып, кәсіпқой спортшыларға ғана тән қиын трюктарды жасай алады екен.
Тұрпайы түріне қарамастан, роботта бағана мен турникті оңай табуға көмектесетін бірнеше сенсорлар орналасқан. Сонымен бірге, робот турниктен уақытында ажырау үшін акселерометрмен жабдықталған.
Робот салмағы 5,9 кг, бойы 45 см. Жерге түскен кезде құлап қалмас үшін аяғына арнайы жабысқақ материал кигізілген.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com
Б. Қосмағамбет