- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Жапондар сумен жууға...
Жапондар сумен жууға болатын смартфон шығарды (видео)
Жапондар сумен жууға болатын смартфон жасап шығарды. Жаңа гаджет 11 желтоқсаннан бастап сатыла бастайды.
«Kyocera» компаниясы жасап шығарған суға төзімді смартфонға «Digno Rafre» атауы беріліпті. Құрастырушылардың айтуынша, смартфон қолдан түсіп кету мен суға төзімді екен. Сондай-ақ гаджет дисплейі су болса да жасай береді. Сыртқы бөлігі қатты болғандықтан сызылу мен сыну туралы ойламауға да болады.
«Digno Rafre» смартфоны «Android 5.1» операциялық жүйесі негізінде жұмыс жасайды. Бейнекамерасы 13 мегапиксельді құраса, дисплейінің диагоналы 5 дюйімді құрайды. Ал жақындату мүмкіндігі 1280-нен 720 пикселге дейінгі аралықты қамтиды.
«Kyocera» компаниясы жасаған смартфон «KDDI» операторларының көмегімен сатылмақ. 11 желтоқсанда сатылымға шығатын гаджеттің құны 57 000 иенді құрап отыр. Теңгемен есептегенде 142 500-ге тең.
О. Сансызбай