Жапонияның Fujitsu корпорациясы қарт адамдардың өмірін жеңілдету мақсатында жаңа құрылғылар жасап шығарды.
Компания қарияларға спутниктік навигация жүйесі мен смартфон орнатылған таяқша ұсынды. Құрылғы адаспай жол табуға көмектесіп қана қоймай, иесінің температурасын да бақылап отырады.
Қарияның туыстары интернет арқылы таяқшаның қайда екендігін біле алады. Сонымен қатар құрылғыда көмек шақыруға арналған арнайы батырма бар.
Бұндай прототип осыдан біршамa уақыт бұрын Барселонадағы "Мобилді әлем" конгресінде көрсетілген болатын. Таяқша керек кезде дірілдеп, экран арқылы қарияға жол көрсете бастайды.
Компанияның тағы бір жаңaлығы ретінде, қарт адамдарға арналған әрі пайдалануға оңай "Android" операциялық жүйесінде жұмыс істейтін "Stylistic" смартфонын атап өтуге болады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: biglauncher.com, today.kz