Жапониядағы Осако университетінің ғалымдары ағаш целлюлозасынан күн панелінің жасалғандығын айтты. Мамандардың айтуынша, жаңа материал дәстүрлі фотоэлементтерге қарағанда әлдеқайда жеңіл, иілгіш және экологиялық қауіпсіз.
Күн қағазының жуандығы 1 мм шамасында. Бұндай жіңішке қалып оның құрамындағы 15 нм-лік целлюлозалық талшықтар мен жіңішке күміс наножіптердің әсерінен мүмкін болып отыр. Жаңа материалдың пайдалы әсер коэфицциенті 3%.
Авторлар қағазды нарыққа алдағы 3 жылдың ішінде шығаруды жоспарлап отыр.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: triumfy.ru, five.kz