Жапонияда Жыл автомобилі аясында ең үздік автокөлік таңдалды. Алғаш рет 3 жыл ішінде көшбасшы жапондар емес, жаңа буынның швед кроссовері Volvo XC60, деп жазады NDTVAuto. Жеңімпазды алты мүшеден тұратын сарапшы қазылар алқасы таңдайды. Кроссовер дауыс беру нәтижесі бойынша 294 ұпай алды.Екінші орынды BMW 5-Series (седан/вагон) 242 ұпаймен алса, Toyota Camry (232 балл) үштікті қорытындылады. Келесі тізімде Suzuki Swift (210), Honda N-Box/N-Box Custom (189), Lexus LC (115), Alfa Romeo Giulia (89), Mazda CX-5 (83), Citroen C3 және Volkswagen Tiguan (11). Естеріңізге сала кетейік,Жапонияның Киото қаласында өткен Халықаралық ғылым және техника мәселелері форумында Ресей Федерациясының вице-премьері Аркадий Дворкович, 2018 жылы өз елінде өтетін Әлем чемпионатында қонақтарды жүргізушісіз автобустар күтіп алатынын айтқан еді.