- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Жаңаөзенде қаза тапқан...
Жаңаөзенде қаза тапқан жұмысшының артында бес баласы қалды
Жаңаөзенде қаза тапқан жұмысшының артында бес баласы қалды. Болған оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылған, оқыс оқиғаның мән-жай анықталып жатыр. Бұл туралы "Өзенмұнайгаз" ҰК АҚ баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды lada.kz.
Ал "Астана" телеарнасының мәліметінше, "Өзенмұнайгаз" кен орнында тірідей жанып кеткен жұмысшы көп балалы әке болған.
"Өзенмұнайгаз" ҰК АҚ өкілі қайғылы оқиға ұңғыманы жөндеу кезінде көтергіш аппараттың жануынан шыққанын айтты.
"Өрт мемлекеттік емес өртсөндіру қызметі мен Жаңаөзен ТЖ күштері көмегімен толық оқшауланды. Қазір жергілікті ТЖ және Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданының Ішкі істер басқармасының қызметкерлері тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр", - деп түсіндірді "Өзенмұнайгаз" ҰК АҚ баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында 43 жастағы машинист өлі табылған еді. Ер адам - Бейнеу ауданының тұрғыны. Оның артында әйелі мен бес баласы қалды. Кен орнында ол шамамен бес жыл жұмыс істеген.
Ж. Қадыржанова