- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Жаңадан iPhone сатып...
Жаңадан iPhone сатып алған адамға кеңестер
Жаңадан смартфон сатып алған кезде оның көптеген функцияларының ішінде адасып қалуыңыз да мүмкін. Сол үшін де iPhone сатып алғанда оның жаңа мүмкіндіктерімен таныс болу үшін материалымызды оқып шығыңыз.
Папкаларды қолданыңыз
Көптеген қосымшаларды смартфон дисплейінде шашыратып қоймай, ұқсастығына қарай сұрыптап, арнайы папкаларға салып қоя аласыз. Ол үшін қосымшаны басып, ұстап тұрасыз. Сонда барлық қосымшалар дірілдеп тұрады. Сіз ұстаған қосымшаны бір тектес қосымша үстіне апарсаңыз автоматты түрде папка ашылып, екеуі сол папканың ішінде сақталатын болады. Сосын оған басқа да ұқсас қосымшаларды салып қоя аласыз. Кейінде оны бассаңыз жоғарғы жағында папканың атын өзгерте аласыз.
Бірнеше бетте тұрған қосымшаларды да бір папкаға сала аласыз. Ол үшін басып ұстаған қосымшаны экран шетіне қарай апаруыңыз керек, сонда сіз екінші бетке ауысып кетесіз. Папкаға барлық қосымшаларды салып болған соң батырманы басыңыз.
Google Maps-ты қолданыңыз
Apple компаниясының қалыпты Карталар қосымшасы да бар. Бірақ Google қосымшасы әлдеқайда ыңғайлы. Google Maps қосымшасын жүктеп алу үшін App Store-ды ашып, іздеу жүйесінде Google Maps деп іздесеңіз болғаны.
Автоматты түрде жаңартылу қызметін өшіріңіз
Кейде қосымшалар геолокацияны пайдаланып, фондық режимде интернеттен жаңа ақпараттар алады. Мұның барлығы да смартфон аккумуляторын шығындайды. Оны өшіру үшін «Настройки -> Основные -> Обновление контента» тізбегінде басқарып, керексіз қосымшаларды өшіріп тастаңыз.
Компас қосымшасының барлық мүмкіндігін пайдаланыңыз
Компас қосымшасының мүмкіндігі көп. Оны толықтай пайдалану үшін Компас қосымшасына кіріп, оңға қарай «свайп» жасасаңыз болады. Бұл арқылы қандай да бір затты тік әрі түзу қоюға мүмкіндік бар.
Әлеуметтік желілерді баптаңыз
Егер әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы болсаңыз смартфоныңызды Facebook, Twitter, Flickr, Vimeo және тағы да басқа желілермен біріктіру қажет. Себебі қандай да бір браузермен кірсеңіз де дайын тұрған аккаунтыңызды тез арада пайдалануға уақыт көп шығындамайтын боласыз. Қандай да бір әлеуметтік желіге логиніңіз бен кілт сөзіңізді енгізген соң iOS мұны автоматты түрде барлық қосымшаға тіркеп қояды. Бұл үшін «Баптауларға» өтіп, төменгі жақтағы әлеуметтік желілер тізімінің бірін жүктеп, онда жеке ақпаратыңызды енгізуіңіз керек.
Қара тізімді қолданыңыз
iOS 7 операциялық жүйесі бар iPhone қолданушыларында кейбір жағымсыз абоненттерді қара тізімге қойып, олардың SMS хабарламалары мен телефон соғу рұқсатнамасын алып тастауға мүмкіндік бар. Бұл үшін «Настройки -> Телефон -> Заблокированные» басқару тізімі бойынша өтіп, хат-хабар алмасқыңыз келмейтін адамды енгізуіңіз керек.
Қосымшалардың автоматты түрде жаңалануын баптаңыз
iPhone смартфонындағы қосымшалар автоматты түрде жаңартылып тұрады. Бұл порцессті басқару үшін iTunes Store, App Store баптауларындағы жаңартылулардың (Обновления) қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Хабарламалардың жеткен-жетпегенін, қашан жеткенін қадағалаңыз
SMS-хабарламалардың ішіне кіріп, қандай да бір хабарламаны ашқан соң оны басып, жібермей тұрып солға қарай тартыңыз. Сонда хабарламаның барған (келген) уақытын көре аласыз.
SMS-хабарламаларды көшіре аласыз
SMS-хабарламаларды көшіру үшін мәтінге басып, оны ұстап тұрсаңыз «Скопировать» батырмасы шығады. Тіпті мәтінді өзгертіп, өзіңізге қажетті мәтінді ғана алуға да болады.
Көпқызметтілікті пайдаланыңыз
Барлық ашылып тұрған қосымшаларды тез жауып, қажеттісін жылдам ашуға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін iPhone-дағы жалғыз ғана «қайту» деген батырманы екі рет тез басу керек. Панель ашылған соң өзіңізге қажеттісін ашып ала аласыз.
iPhone-ды қауіпсіз етіңіз
iPhone сіздің ашқан парақшаларыңызға қарап сәйкес жарнамаларды таңдап, алдыңызға шығарып отырады. Егер Apple сіздің не істеп, не қойғаныңызды білмесін десеңіз «Настройки -> Приватность -> Реклама» баптаулар тізімі бойынша өтіп, жарнаманы өшіру керек.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: автордан
А. Құлтай