- Негізгі бет
- Шолу
- Жаңа костюм адамдарды...
Жаңа костюм адамдарды акулалардан қорғайтын болады
Аустралиялық мамандар теңіз жыртқышы акулалардың шабуылынан қорғайтын жүзу костюмін жасап шықты. Тігінші мамандардың сөзінше, жаңа костюм адамдарды акулалардан барынша жасырып қалатын болады. Жоғары технологиялар көмегімен жасалынған киім Батыс Аустралия университетінің зерттеушілерімен бірігіп жасалған екен.
Мамандар өз өнімдерін Diverter деп атаған екен. Костюмге бірнеше жолақтар қосылып тігілген. Соның арқасында акула арнайы киімді киген адамды улы балық деп ойлап, шабуылдауға жүрексінетін көрінеді. Ал Elude аталған костюмнің екінші нұсқасы адамды суда акуланың көзіне мүлдем көрсетпейтін болады.
Аустралиялық мамандардың сөзінше, олар антиакулалық костюм тігіп шығуға екі жыл уақыттарын сарп еткен. Зерттеушілер қазірдің өзінде Перт қаласының маңында аталған костюмдерге сынақ жұмыстарын да жасап үлгерген екен. Тәжірибе нәтижесінде анықталғаны акулалар костюм киген адамдарға мүлдем шабуыл жасамаған.
"Негізінде акулаларда иіс сезу мүшелері жақсы дамыған. Алайда акулалар шабуылдар алдында тек көзінің қырағылығына сенеді. Сондықтан олар суда адамның бар екендігін білсе де, оны көруі екіталай. Сондықтан олардың адамға шабуыл жасауы мүмкін емес дейді",-мамандар. Ал костюмге қандай жолақтың тігілетінін арнайы бағдарлама өзі анықтайтын болады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com
Б. Қосмағамбет