Соңғы кезде әлеуметтік желіде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО Кеден кодексі күшіне енсе, Ресей мен Экономикалық одаққа мүше басқа елдерден Қазақстанға автокөліктерді экологиялық класстарға шектеуге қарамастан алып келуге болады, деген ақпарат тарады. Мұның салдарынанавтокөлік арзандайды екен, деген сөз де айтыла бастаған. Мұндай жағдай үш жыл бұрын болған еді. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық одақ елдерінен әкелінетін автокөлікке салынатын ҚҚС алынып, Кедендік одақтың техникалық регламенті іске қосылған кезде Ресейден көлік тасымалдау күрт артқан еді. Нәтижесінде Қазақстандық автокөлік салондарындағы сату көлемі күрт түсіп, екінші дегейлі нарық ескі көлікке толған. Жарты жылдан кейін ҚР Инвестиция және даму министрлігі жергілікті автоөндірушілерді құтқару үшін№342бұйрықты шығарып, ҚР аумағында Евро-4 экологиялық классынан төмен, АБС және көлденең қауіпсіздік жастығы, күндізгі жарық оттарықарастырылмаған автокөліктерді тіркеуге тиым салды. Бұдан кейін бірінші кезекті тіркеу құны мен утилизациялық алым құнын көтеріп ЕАЭО аумағынан көлік тасымалдауға мүлдем тоқтау салды. Бұл тоқтам қазір күшінде және келесі жылы да өзгеріссіз қалады. Бұл туралыkolesa.kz тілшісіне ҚР Инвестиция және даму министрлігінен және Энергетика министрлігінен хабарлаған. Бұл заңға қашан өзгеріс енгізгенше жалғасады. Сондықтан келер жылы Ресейден көлік тасымалдап, бағасы арзандайды деген әзірге қауесет қана болып тұрған сияқты. Тіпті көтерілуі де мүмкін. Өйткені утилизациялық алым АЕК-пен бірге өседі. 2018 жылдың 1 қаңтарынан есептік көрсеткіш бес пайызға2 269 теңгеден 2 405 теңгеге дейін өседі. Утилизациялық базалық ставка50 АЕК тең. Жаңа көрсеткіш бойынша алым 6 800 теңгеден 120 250 теңгеге дейін өседі. Мысалы: көлемі 3.5Toyota Camry алып келсеңіз, утилизациялық алым 2.6 млн теңгеден 2.8 млн теңгеге дейін өседі. 7kun.kz