- Негізгі бет
- Шолу
- Жаңа iPhone 5...
Жаңа iPhone 5 хакерлер қолында
CHPWN деген жасырын есіммен танымал Грант Пол атты хакер жаңа iPhone 5-ке бұзып кірді, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар.
Енді қолданушылар компания мақұлдамаған кез келген қосымшаларды өз смартфондарына жүктей алады. Бірақ, агенттік хабарлағандай, аталған хакер қолданушылар үшін ешқандай нұсқау немесе ережелер қалдырмаған.
Өзінің бұл шабуылды жасағанының дәлелі ретінде, Грант Пол өз Twitter-микроблогында iPhone 5-тің Cydia атты қосымша жүктелген суретін жариялады. Бұл қосымша ресми емес интернет-дүкендерге кіру үшін қолданылатыны белгілі. Сонымен қатар, бұл қосымшаның ерекшелігі - тек хакерлер бұзып кірген смартфондарға ғана жүктелетіндігі.
"JailBreak" деп аталған бұл қарақшылық шабуылы құрылғының файлдық жүйесіне кіре отырып, Apple App Store деген ресми емес интернет-дүкенінен қосымшаларды келісімсіз жүктеуге мүмкіндік береді. JailBreak-тен кейін смартфонға қарақшылық софты да жүктеуге болады.
Естеріңізге сала кетсек, жаңа iPhone 5 биылғы жылдың 12 қыркүйегінде АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында тұсауы кесілген еді. Ал смартфондардың жаппай сатылымы АҚШ, Австралия, Канада, Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Сингапурь және Гонконг елдерінде 21 қыркүйекте басталды. Қазақстанда iPhone 5-тің ресми сатылуы болмайды.
сурет: tengrinews.kz
Дайындаған: Қосмағамбет Болат
Б. Қосмағамбет