Қазіргі IT-нарықта экстремалды спортпен шұғылданатындар немесе белсенді өмір сүру дағдысын оң көретіндер үшін сан түрлі экшн-камералар сатылымда жүр. Енді олардың топтамасына Casio компаниясы ұсынған жаңа Exilim EX-FR10 моделі қосылды. Аналогтарынан екі модульге бөлінуі арқылы ерекшеленеді: оптикалық жүйе блогы және бақылау батырмасына ие дисплей.
Exilim EX-FR10 камерасын үш тәртіпте қолдануға болады: қарапайым камера ретінде, сельфи-камера және қашықтан түсіру камерасы ретінде.
Бірінші тәртіпте екі модуль біріктіріліп, объектив пен дисплей қарама-қарсы бетке қаратылады. Сельфи-фотоаппараты режимінде екеуі де тұтынушыға қаратылуы тиіс. Ал аталған үшінші тәртіпте екі модульді екі бөліп қашықтан суретке түсіріп алуыңызға болады. Олар Bluetooth арқылы байланысады.
Оптикалық блог 1/2,3-дюймді 14-мегапиксельге ие КМОП сенсорымен жабдықталған және 21 мм фокустық қашықтыққа ие болған. Сондай-ақ, модуль Wi-Fi бейімделгішімен көмкерілген. Толық қуаты 75 минутқа жетеді. Салмағы небары 63 грамм.
Бақылау дисплейіне келсек, ол 2 дюймді сенсорлы экранға ие. Салмағы 80 грамды қамтиды.
Екі модуль де екі метр биіктіктен құлағанға төзімді және су өткізбейтіндей етіп жасалынған. Толық комплектті, барлық аксессуарларымен бірге беріледі.
Exilim EX-FR10 камерасын үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап АҚШ аймағында 700 АҚШ долларына сатып алуға мүмкіндік болады. Ал оның Қазақстан нарығына келетін мезігілі әзірге белгісіз.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: akihabaranews.com