Ғаламторда жаңадан шығатын Lada Granta автокөлігінің суреті жарияланды. Drom.ru порталы ақпараты бойынша, көлікте біршама өзгерістер болады. Жаңа автокөлік тамыз айында таныстырылады. Суретте жарияланғандай, автокөлік седан болып шығады. Сырт түрінде радиатор торы мен капоты өзгерген. Төменгі бөлігіне тұманға қарсы шам орнатылған. Жаңа Lada Granta автокөлігінің салонында да өзгерістер болады. Бірақ қандай болатыны әзірге белгісіз. Ал техникалық тұрғыдан осыған дейінгі сипаттамасы сақталады. Айта кетейік, Lada Granta Қазақстанда ең көп сатылатын автокөліктердің бірі. Ең танымал бренд автокөліктердің де көшін бастап тұр.